Қазақ-жапон қуанышы үндесті. Қазір Күншығыс елінде сакураның гүлдеуі қарсаңындағы мейрам тойлануда. Ал қазақтың әз-Наурызының айлап тойланатыны бәріне мәлім. Алматыда осы аталған қос қуанышты көктемгі жаңаруға балап, мәдени сабақтастықты дәріптеген мерекелік шара өтті.  Қазақ халқының қонақжайлығы мен жапонның ұқыптылығын паш еткен  бұл жиынды көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.   

ШЫНАР ТҰРҒАНБЕКҚЫЗЫ «MIRAI» ҚАЗАҚ-ЖАПОН МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ “Енді бізде қазақ-жапон мектебі болғаннан соң наурыз-жаңа өмірдің басталуы, Жапонияда сакураның гүлдеуі-жаңару дегенді білдіреді. Екі елде де бір түсінік болғаннан кейін үндестіріп ұйымдастырып жатырмыз.  Ата-аналарымыз да, балалар да Жапония мәдениетімен танысуы керек. Сол үшін үндестіріп жасап жатырмыз”

Шара барысында қазақы дәстүрлер де көрсетіліп, күншығыс елі мәдениеті таныстырылған ерекше қойылымдар да ұсынылды. Қонақтар алдын-ала дайындалған қазақ және жапон ауылдарының шатырында болып, екі елдің ұлттық тағамдарынан дәм татты. Сонымен қатар, оқушылар жасаған көктем мен жаңару тақырыбындағы қолөнерлердің көрмесі қойылды. Аталмыш білім ордасы – Қазақстандағы алғашқы қазақ-жапон мектебі. Білім ұясы мемлекеттік оқу жүйесінің аясынан алыстамастан балаларға жапондық методикалар мен озық мәдениет элементтерін дәріптеуді көздейді. Жиынға қатысқан ата-аналар да, балалар да дән риза.

ЖАЗИРА АМАНКЕЛДІҚЫЗЫ АТА-АНА  "Олар мысалы мынау Сакура гүлдеді деп, Жапония мәдениетін меңгеріп, соған сай көрініс көрсетейін деп отыр бүгін наурызда. 9 жастағы ұлым үшін мен қуаныштымын. Орысша, қазақша, ағылшын, жапон тілін меңгеріп жатыр. Қазір қоятын көріністері толықтай ағылшын тілінде болады".