Кеше түнде Алматының Алмалы ауданында орналасқан құрылыс материалдары және лак-бояу өнімдері сақталған қоймадан өрт шықты. Қызыл жалынды ауыздықтауға 100- ден астам маман жұмылдырылды.

Отқа оранған мына қоймада құрылыс материалдары сақталған. Атап айтар болсақ, тез жанатын битум және лак-бояу өнімдері. 500 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынның көршілес орналасқан қоймаларға таралу қаупі туындады.

ТІЛЕУБЕРДІ МӘДИЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:  «Өртте штаб жұмысы ұйымдастырылып, үш өрт сөндіру учаскесі құрылды, негізгі басым міндеттер айқындалды. Оны сөндіру барысында қауіпсіз жерге 3 оттегі және 4 газ баллоны шығарылды».

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды үш сағатқа уақыт сөндірді. Оған 21 бірлік техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.