Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өтті. 4 күнге созылған дүбірлі додаға  Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехия командалары қатысты. Бақылаушы ретінде Сауд Арабиясының өкілдері келді.

Жарыста алты елден келген 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдар бақ сынады. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Спортшылар өртті сөндіру тәжірибесінде қолданылатын түрлі сынақтарды еңсеруге тырысты. Алғашқы екі кезеңде әр қатысушы жеке бақ сынасса, жарыс межесін командалық сайыспен аяқтады.  

ЕРНҰР НАСИБҰЛИН ҚАТЫСУШЫ

Менің коммандада жүргеніме 3 жыл болды. Жеке өзім жарыстарда жүлде алмаған едім. Биыл бірінші рет орын алып отырмын. Мен Орал қаласынан келдім. Мені қолдаған жандарға, демеу берген бапкеріме алғыс айтқым келеді. 

Ерлер мен әйелдер арасындағы жалпыкомандалық чемпионаттың қорытындысы бойынша: бірінші орынды Ресей спортшыларының құрамасы, екінші орынды Беларусь командасы иеленді, Қазақстандық спортшылар үздік үштікті қортындылады.