«Алматы мектеп жобасы аясында» ұстаздардың ғылыми тұрғыдан біліктіліктерін арттыру мақсатында семинар жұмыстары орын алуда.Алматы қалалық білім басқармасының қолдауымен шаһарға қарасты білім ошақтарының басшылары дамыған елдерге барып тәжірибие алмасып келді. Қазіргі уақыт, сапалы білім мен сыналатын шақ. Өресі биік, келешек ұрпақ тәрбиелеу үшін ұлттық құндылықтарымызбен қатар, шетелдің озық жүйелерін тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселе.

РОЗА АҚМАҒАМБЕТОВА ҚББЖТО БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Бір тұтас тәрбие» ұлттық жобасы аясында басқосу шарасы орын алып отыр. Семинарға қатысушылар интелектуалды шығармашылықты дамытуға қатысты көптеген мағлұматтар алды деп ойлаймын. Бала тәрбиесі мен оның білімі басты құндылық.Сондықтан ұстаздар қауымы қолдан келгенше ұтымды тәсілдерді пайдаланулары маңызды».

ГҮЛНАР ТӘЖІБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №97 ЖББ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бір тұтас тәрбие беру» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Айтулы бағдарламада жастардың интелектуалды шығармашылық қабілеттерін дамыту басты міндет болып қалыптасты.

МАЙРА БЕЙСЕБЕКОВА МҰҒАЛІМ