Негізгі мақсатымыз- тілді дамыту.Алматыдағы білім шаңырағының бірінде қоғамдық - гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндігіне орай ағылшын тілін дамыту, оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Ертегілер елінде” деген тақырып аясында арнайы іс шара ұйымдастырды.
СЕРІК ҚАСЫМҒАЛИҰЛЫ Б.АТЫХАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ № 36 ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: «Осы 10 күндік аясында негізгі мақсатымыз- тілді дамыту соған байланысты балалар өздері қызығып қарайтын, кейінгі кезде түсірілген мультфильмдер ағылшын тілінде сол арқылы балалардың қызығушылығын арттырып жатырмыз. Бүгінгі қойылым балалардың өздері күнделікті қызығып қарайтын персонаждардың қойылымын қояды.»
Білім шаңырағында қоғамдағы өзекті мәселелерге айрықша мән беріп отырады. Мәселен жастар арасында орын алатын буллингтерді алдын алу аясында түрлі дебаттар ұйымдастырады.Сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамыту,салауатты өмір салтына баулу мақсатында игі бастамаларға мұрындық болуда.