Алматыдағы Алмалы ауданындағы мешіттердің бірінде ұрлық орын алды.Осындай 4 қылмыстарды жасады деген күдікпен Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.«Б.есімді азамат ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, намаз кезінде белгісіз біреу оның жеке мүлкін ұрлап, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Аталған деректер бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам өз кінәсін мойындады», - деді, Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдімасаров. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.