Алматыдағы Саялы ықшам ауданының тұрғындары тұрып жатқан үйлерінің жер төлесін су басты деп арнамызға шағымданды.Жаңбыр жауса жандарын шөберекке түйіп отырған тұрғындардың мұң-мұқтажына кезек берсек.

ДАРХАН РАЗБАЙҰЛЫ ЖУРНАЛИСТ

Жаңбырменен жер көгерер деген қазақы тәмсіл Саялы ықшамауданындағы 102 үйдің тұрғындарының қорқыныштарына айналған. Ел аман жұрт тынышта берекелерін кетірген жертөледегі жағдаймен өздері алысып келе жатқандарына да біраз уақыт болған. Жаңбырдан соң су сорғы құралымен тұрғындар өздері құрғатып алуға мәжбүр. Жағдай бұлай жалғаса берсе ипотекаға алған үйіміз тұруға жарамсыз болып қала ма деп көрер таңды көздерімен атқызуда.

Мәселенің бәрі тұрғын үйлердің ауласындағы арықтардың дұрыс жасалмағаны,немқұрайлылық танытқан істің нәтижесі осы дейді 102 үйге қарасты меншік иелері бірлестігінің директоры Бауыржан Күзербаев

БАУЫРЖАН КҮЗЕРБАЕВ МЕНШІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Алдымызда жаңбырлы күз келе жатыр,мәселені кеш қалдырмай қолға алмақ болған тұрғындар біздің түсірілім тобымызбен әкімдікке келді.Ондағылар мәселеден хабардар.

Алатау ауданының әкімдігі мәселені жылы жабуға тырысып,жағдайдың алдағы күндері реттелетіндігін алға тартты.Тұрғындар берген уәде орындалмаса,тиісті жауыпты органдарға жүгінеміз деп бекініп отыр.