Алматыға бір түнде 19 см қар түсті. Мыңнан астам жол жұмысшысы мен 425 техника қар тазалауға жұмылдырылды.

Қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, түнгі сағат 02:30-дан бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен 13 колонна қар күреумен айналысты.Таңғы сағат 05:00-ден бастап 168 бірлік шағын көлемді жинау техникасының күшімен тротуарлар қардан тазартылуда, бұл жұмыс қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. Аялдамаларды, жер үсті өткелдерінің тұрақ «қалталарын», әлеуметтік маңызы бар объектілерге өтетін жолдарды тазарту жұмыстары күшейтілді.

Сондай-ақ жиналған қарды сыртқы полигондарға шығару басталады. Сонымен қатар Полиция департаментінің өкілдерінің айтуынша, шаһарда өткен тәулікте 8 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, бүгін таңғы уақытта 3 жол апаты болды. Тәртіп саөшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін  шақырады.