Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде "МузАРТ" триосының "Балауса" әнін шырқаған Америкалық әскерилердің қазақ тілінде ән айтып жатқан видеосы көпшілікті қызықтыруда. Көрермендер олардың өнерлеріне баға беріп, жарыса жазуда. Ерекше оркестр топ американдық және халықаралық үздік мектептерді бітірген музыканттардан құралған. Олар өз таланттарын Америка Құрама Штаттарының Әскери-әуе күштерінде резидент әртіс ретінде көрсетеді.

Сонымен қатар, рок, кантри және джаздан бастап әртүрлі музыканы орындайды. AFCENT тобы Орталық және Оңтүстік-Батыс Азияны аралап, АҚШ елшіліктері өткізетін қоғамдық және дипломатиялық іс-шараларға арналған концерттерде де өнер көрсетеді.