Аргентинада тангодан әлем чемпионаты өзінің 20 жылдығын атап өтті. Биыл оған 35 елден 650 жұп қатысуға келген.

Аргентиналық тангодан әлем чемпионатының басты жүлделері Буэнос-Айресттің қоржынында қалды. Танго номинациясында Аргентина астанасының атынан шыққан Джонни Карвахаль мен Суай Кирога жеңіс тұғырынан көрінді.

ДЖОННИ КАРВАХАЛЬ ТАНГО ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: «Мен бұл туралы көп жылдар бойы армандадым. Бұл деңгейге жету – шыңға жету деген сөз, бірақ әлі алда көп асулар бар. Бұл марапат жұмысымыздың жақсы орындалғанының дәлелі.

СУАИ КИРОГА ТАНГО ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: «Біз бар болғаны тоғыз ай ғана бірге дайындық жасадық, негізі мұндай нәтижеге 20-30 жыл билегеннен кейін ғана қол жеткізуге болады».

Сахналық танго номинациясында да Буэнос-Айрестен Джулиан Санчес пен Бруна Эстеллита бірінші орын алды.

ДЖУЛИАН САНЧЕС БІРІНШІ ОРЫН ИЕГЕРІ: «Бүгін бәрі жақсы өтті, біз бақыттымыз. Олар бізге жеңіске жеткенімізді айтқанда, сене алмадық».

Бұл күндері Аргентиналық тангодан әлем чемпионаты өзінің 20 жылдығын атап өтті. Биыл оған 35 елден 650 жұп қатысуға келген. Финалды 20 мың көрермен тамашалады.