Ферроқорытпа зауытындағы 4 жұмысшының өліміне жұмыс беруші кінәлі. Бұл арнайы құрылған комиссияның шешімі. Олар бір ай бойы техникалық құжаттаманы, оқиға болған жерді тексеру нәтижелерін, куәгерлердің сауалнамаларын, сараптама ұйымының қорытындысын, нормативтік құжаттар мен басқа да материалдарды мұқият зерделеп, сонан соң кейін осындай қорытындыға келіпті. Енді тергеу нәтижелері құқық қорғау органдарына беріледі. Айта кетейік, 20 шілдеде Қарағанды қаласындағы ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға болып, нәтижесінде сегіз жұмысшы зардап шеккен болатын, олардың төртеуінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 

ТӨЛЕГЕН ОСПАНҚҰЛОВ ҚР ЕХӘҚМ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ – БАС МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:  «Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсерін болдырмау үшін шұғыл шаралар тиісті дәрежеде қабылданбағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтері тиісті дәрежеде жасалмағаны анықталды. Комиссия мүшелері зардап шеккендермен және зардап шеккендердің отбасы мүшелерімен кездесіп, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың әлеуметтік қорғауға заңды құқығы түсіндірілді».