Ал, Атырауда су тасқынының салдарын жою үшін жұмыстар қауырт жүргізіліп жатыр. Тасқын кезінде де тұрғындарды газбен қамтамасыз ету бір минутқа да тоқтамаған. Қазіргі уақытта облыс көлемінде қауіпті аймақта орналасқан  63 газ тарату жәшіктері арнайы бөгетпен қоршалды. Оған 6600 текше метр топырақ төселіп, 25 мыңға жуық қапшық орнатылды. Бұл жұмыстарға 11 бірлік техника  және мекемеден 108 қызметкер жұмылдырылды деп хабарлайды жауапты мамандар. 

ҚҰРМАНБЕК ӨМІРЗАҚОВ «ҚазТрансГазАймақ» АТЫРАУ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Қазіргі уақытта арнайы жасақталған бригадалар қауіпті аймақта орналасқан газ тарату жәшіктеріне бақылау жасауда. Атырауда ТЖ кезінде облыс бойынша газ беру жұмысы тоқтамады. Су деңгейі қауіпті деңгейден асқан кезеңде де газ беру қызметі жұмысын тоқтатпайды».