Еліміз үшін тарихи һәм экономикалық та маңызы зор Атырауда өтіп жатыр.  Жиналғандардың сөзінше, құрылтайдың мүддесі – біреу, ұлттық, рухани  мүддені басты орынға шығару. Түркістанда өткен құрылтайда қозғалған мәселелердің бірсыпырасы  орындалды. Мәселен, мемлекеттік наградалар туралы заңда өзгеріс енгізілді. Зорлық-зомбылық туралы заң Сенатқа жолданды, Лудомания туралы заң үкіметте дайын тұр. Дегенмен тәрбиенің тамыры тереңде жатыр. Материалдық емес құндылықтарды алға шығарған кезде ғана, қоғамды улаған кесапаттардың жолын кесуге болады,- дейді жиналғандар.   

ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ Арнайы тұжырымдама қабылданған. Бірақ   тұжырымдама әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған жоқ. сондықтан материалдық емес құндылықтарды түгендеу үшін арнайы заң керек. Жеке заң. Оны депутаттық бастамаммен жасауға біздер  ниеттеніп жатырмыз. 

СВЕТҚАЛИ НҰРЖАН, АҚЫН  Енді ұлттық тұтастыққа қарай. Ол үшін діни теріс ағымдарға тыйым салыну керек. Сосын біз рулық жіктерге бөлініп бара жатырмыз. Бұл ірің болып бара жатыр. Біз ұлттық намыс емес, рулық намыстың деңгейіне түсіп, құлдырап кейін кетіп бара жатырмыз. 

Жиында бір отбасының ғана емес, тұтас ұлттық кесапатына айналып бара жатқан  жат ағымдар мен құмар ойындардың жетегінде кеткендер мәселесімен бірге,  киномотография саласындағы идеологиялық мазмұн,   шекара бойындағы  ауылдардан жаппай көшуі,  әдебиеттің дамуы, кітап шығару, балалар басылымдары мәселесі де қозғалды. Мұндай жиын өзекті мәселердің шешудің қозғаушы күші ретінде маңызы зор,- дейді құрылтай мүшелері. 

АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВ,  ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ Құрылтай парламент емес, алайда құрылтай қазаққа керек.  Халықтың пікірін тыңдау үшін.  Мысалы, гранттың аясын кеңейту керек. Тек мақала жазу үшін берілмеу керек. Мысалы, ол ғылыми көпшілік әдебиет шығару үшін. Мысалы өнертапқыштыңқ жасау үшін. Мысалы, құрылғы алу үшін. Мысалы сіз физикамен шұғылданатын болсаңыз, құрылғыңыз өзі бәленбай  миллион болады деп осындай нәрселерге жұмсалу керек деп айтқанмын. Менің мақсатым, ғылымды түзеу қазақтың бетін ғылымға бұру. Жаңа технологияға бұру. Қазақ технократ ел болу керек. 

Жиында жеті хан жерленген Алтын Орданың астанасы Сарайшықты ғылыми орталыққа айналдыру мәселесі де қозғалды.