Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Алматы әуежайынан 12 рейс бойынша әуе кемелері ұша алмай қалды. Бұл туралы  Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. Мамандардың айтуынша толассыз жауған қармен тұманның салдарынан ұшатын рейстер кешіктірілуде.

Компания жолаушыларға рейстің мәртебесін авиакомпанияның сайтынан тексеруді сұрап отыр. Ал билетті қайтару және қайта броньдау мәселелері бойынша сатып алған жерге хабарласу қажетті.