Аустралияның Перт маңындағы әуеайлақтың үстінен жеңіл ұшақ көтеріледі. Штурвалда 10 жасар мектеп оқушысы Эми Спайсер. Жанында нұсқаушы бар, бірақ қыз өзін сенімді түрде пилот деп атайды.

ЭМИ СПАЙСЕР – ҰШҚЫШ "Екі жарым жаста ұшқым келетінін айттым. Жеті жасымда алғашрет ұштым. Бәлкім, сегіз жасымда планермен ұшып, сол жаста сабақ алғанмын ".

Эмидің ата-анасы қыздары пилоттықты оқуы үшін Квинслендтен Пертке арнайы көшіп келген. Эми зеректігімен тез үйренді. Көп ұзамай, кезекті ұшу кезінде нұсқаушы оған басқаруды өзіне алуды ұсынған.

ЭМИ СПАЙСЕР – ҰШҚЫШ "Мен бірден келістім. Штурвалды ұстап, өзімді 21 жастамын деп сезіндім, менде барлық лицензиялар бар, мен ұшқышпын деп ойладым. Бұл түс сияқты еді. Менің арманым шындыққа айналды, өйткені мен өзімнің қалағанымдай ұшқыш болатынымды түсіндім ".

Эми Pipistrel электр ұшағымен ұшады. Ол толығымен электрлі әуе кемесін басқаратын ең жас ұшқыш. Нұсқаушылар мұндай көлік оқуға ыңғайлы дейді.
15 жасында Эми нұсқаушысыз ұша алады. 16-да жеке ұшқыш, 18-де коммерциялық ұшқыш, ал 21-де әуе көлігінің ұшқышы лицензиясын алуға болады.