"

Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауданында 2022 жылы халық игілігін көруі тиіс болған су құбырының жұмысы әлі күнге аяқталмай отыр. Пойма ауылының тұрғындары шенеуніктердің уәдесі жерде қалып, ауыз су мәселесі әлі күнге шешілмегеніне наразы. Егер күн суытқанша құбыр тартылып бітпесе әрі қарай бір өзгеріс бола қоюы неғайбыл. «Ақ бұлақ» бағдарламасының жүзеге асуы осылайша сиыр құйымшақтануына не себеп? Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
 
Су құбырының құрылысы 2021 жылы басталған. Ал 2022 жылы қолданысқа тапсырылуы қажет болған. Биыл халықпен кездесу кезінде Теректі ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев су құбыры 15 тамызда іске қосылады деп уәде берген. Алайда шенеуніктің сөзі жерде қалған. Баяғы жартас сол жартас.

ЗАЙДА МҰСАҒАЛИЕВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: «Үйге келгенде бала-шағамызды жуындырғымыз келеді. Мүлдем жағдай жоқ бізде. Қазір 21 ғасыр емес пе? Талапқа сай жасап берсін су құбырын».

Бүгінде атқарылуы тиіс жұмыстың 98 пайызы орындалыпты. Ауылдықтар баяғыша құдықтан су тасып ішіп отыр. Осы мәселе бойынша Ақбұлақ ауылдық округі әкімі былай дейді.

ЖАННҰР АХМЕТОВ АҚБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
 
Жобаға «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 558 млн теңге қаралған. Тапсырыс беруші Теректі аудандық құрылыс бөлімі.

МҰРАТ СҰЛТАНҒАЛИЕВ ТЕРЕКТІ АУДАНЫ БОЙЫНША ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Ауыз судың бұлайша арман болып, құбырдың ұзақ жүргізілуіне мердігер компанияның бірнеше жобаны қатар ұтып алуы кедергі келтіруде.

Екі кеменің құйрығынан ұстаған суға кетеді демекші, іс нәтижесі осындай. Салдарынан келісім бойынша орындаушылар да сан мәрте ауысқан. Жаңадан жасақталған құрылысшылар жұмысты бір аптада тәмамдауға уәде беріп отыр.