Бір ауданның 3 оқушысы олимпиадада топ жарды. Жақында Орал қаласында «Жалпы білім беретін пәндер» бойынша республикалық жарыс қорытындыланған болатын. Олимпиадаға орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша жолдама алған Алматы облысындағы Тиірмен орта мектебінен 10 және 11 сыныптарда оқитын 2 оқушы қыз және Долайты ауылдық орта мектебінің 11-ші сынып оқушысы қатысқан. Олар бұл олимпиадада үздіктер қатарынан көрініп, бірінші және үшінші орындарды иеленді. Қос ауылдағы орта мектеп директорлары бұл академиялық адалдықтың сақталуы мен облыстық және аудандық білім басқармаларының қолдаулары арқасында жеткен жетістік екенін айтып отыр.
ҚАЙРАТ ӨТЕУЛИЕВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ «Осы балаларды дайындаған ұстаздарға, ата-аналарына үлкен ризашылығымды білдіремін. Ауданда өтіп жатқан жарыстардың академиялық адалдығын сақтау нәтижесінде осыған қол жеткізудеміз. Облыстық білім басқармасына үлкен рахметімізді айтамыз. Алдағы уақытта да балаларымыз үлкен жетістікке жетеді деген сенімдемін.»
АРШАЛЫМ ДАВЛЕТОВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: «Бұл алғашқы жеңісі емес. Ауыл мектептері арасындағы Астанадағы байқауда бірінші орын алып келген болатын. Қызымызды дайындаған мұғалімдеріне, академиялық адалдықты сақтап аудандық, облыстық олимпиадалардың әрлі өтуінің арқасында ауыл оқушылары осындай биіктерден көрініп отыр.»