Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Осыған орай алматылық ардагерлерге 100 мың теңге көлемінде бір реттік төлемақы беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерін үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров айтты.

МҰРАТ ӘБДІШҮКІРОВ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Алматы әкімдігі ауған ардагерлеріне қолдау көрсетіп келеді. Биыл 15 ақпан мен 9 мамыр күндері ардагерлер 100 мың теңгеден алады. Сондай-ақ, Ауған соғысының ардагерлері медициналық көрсеткіштері бойынша санаторий-курорттық ем алады. Қазір квота жылына 170 жолдамаға дейін ұлғайтылды».