«Жақсы жердің кадірін, қожасы емес құл білер» демекші,  Ақмола облысының Жақсы ауданына қарасты Лозовое село халқының жер үшін жергілікті серіктестіктермен соттасып келе жатқанына 10 жыл толыпты. Жылдар жылжығанмен жағдай жылжымай тұруының басты себебі - акционерлік қоғам пайдасынан жыл сайын төленетін табыстың 2014 жылдан бері тоқтап қалғандығында. 

250-ден аса тұрғыны бар Жақсы ауданы 2014 жылға дейін «Түгел С» серіктестігінің құрамында болған. Одан кейін эстафета таяғы басқа серіктестіктің қолына өткелі басшылық бір тиында қолымызға түсірмеді дейді ашынған халық. Даудың басында көш бастап тұрған 3 мың гектардан астам жерін ала алмай жүрген 40 шақты үлескер. 

ДУЛАТ ЖАНҰЗАҚОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Біз қол қойған жоқпыз. Договор жасаған жоқпыз о купле-продажи. Сатылуы туралы білмедік те. Соны нотариустан алдық. Құжаттарды дәлелдеп, заңдастырып алдық. Сот заңдастырып берді бізге. Енді жерді бөлініп шығуға бізге бермей жатыр. Сонымен соттасып жүрміз».  

Әрине, әліптің артын бағып шаршаған халық 2017 жылы Жоғары сотқа да шағымдарын жеткізіп үлгерген. Бірақ, олар аудандық соттың шешімін тексере келе, сату-сатып алу туралы екі жақты келісімнің болмағанын, сәйкесінше аудандық сот шешімінің қате екендігін растаған. 

ЖАДЫРА ӘБІЛҚАСЫМОВА АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Арыз берушілер «Түгел С» серіктестігіне барып, шартты түрде олардікі болып есептелетін жердің аумағын анықтаулары тиіс. Өйткені, бұл жерлер қазіргі таңда серіктестіктің меншігі. Яғни, үлестерін жер теліміне ауыстыру керек. Одан кейін өндірістік бағдарлама, өтініш керек. Жер Кодексінің 48-ші бабына сәйкес өтінішті жер комиссиясы қарастырады. Егер комиссия мүшелері жерді қайтару туралы өтінішті қанағаттандырса, әкімдік шешім шығарып, жалға беру туралы келісім-шарт жасалады. Ал, ондай келісім жасау үшін бізге әр арыз берушінің жер аумағын анықтау керек».

Біз уақытты күткенмен, уақыт бізді күтпейді. Жан алысып, жан берісіп жатқан уақытымызда жерімізді заңсыз иемденіп алған серіктестік жыл сайын дән сіңіріп, сол жерден пайда тауып келеді деп шырылдауда қараша. Жағдайды жақсы жаңалығы қашан естілері әзірге белгісіз.