Ақмола облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының  нәтижесінде Степногорск қаласында елорда мен Степногорск аумағында бірқатар бопсалау жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Бірнеше ай бойы топ мүшелері қорқытып-үркіту  және күш көрсету арқылы жергілікті тұрғындарды, негізінен өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейтіндерді, сондай-ақ жастарды мобильді қосымшалар арқылы түрлі несиелер алуға мәжбүр еткен. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері анықтады.

Алған ақша мен тауарды өз қалаулары бойынша жұмсаған. Қазір 6 жәбірленушінің бар екені белгілі. Келтірілген шығынның сомасы 8 миллион теңгеден асады. Қабылданған шаралар мен қылмыстық әрекеттерді тіркеу нәтижесінде елордада және Степногорск қаласында полиция қызметкерлері топтың 6 қатысушысын құрықтады. Олардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде.