Үй құрылысына 5-6 жыл болсада не сыйқы жоқ, жүруге асфальты жоқ, коммуналдық мәселесі бастан асады, айналасы толған қоқыс. Осындай мекенде тұрып жатқан Ақтау қаласының 16-шы шағынаудан тұрғындары биліктегілерге шырылдай беріп жағымыз талды дейді. 

16-шы шағынаудандағы "Құтты мекен" тұрғын үйі қала орталығында орналасса да, көлік қатынай алатын бір ғана кедір-бұдырлы жалғыз аяқ жол бар. Темірдің аяғы басқанмен, жаны бар жанның аяқ басып жүретін жолының жағдайы көңіл толтырарлықтай емес. 

САЙЛАУ ТАХОВ ТҰРҒЫН «Бір барғанымда 2021 жылы болады деді,одан 22-де деді, Енді міне биыл 2024 жыл ғой. 24-тен де дәмете алмай қалып тұрмыз-ау.  Мына жаяу жүргінші мен машина жолдың арасындағы мына Изалдың мына қапталын бітеп тастаған. 16-да мектеп жоқ. Ар жағынан баланы әкелеміз. Ана жаяу жүргінші бітеулі.Сосын мына машина жолмен жүреміз. Ал ол мәшіннің жолы ойқы-шойқы».  

МЕРУЕРТ ҚАЛМАҒАНБЕТОВА ТҰРҒЫН «Бұл жерге даже бізге такси де келмейді. Мына жолдарыңыз жаман дейді. Алдында бір құм сеуіп кетті бізге, ол жаңбыр жауғанда шайылып  тесіліп кетті.Біз жолды сұраған кезде бізге 2025 жылы салып береміз деп уәде берді. Оған да көнеміз, бірақ оған дейін ай сайын мына грейдерді жөндеп беріп тұрса деп сұраймыз. Себебі жаңбыр жауады ауа-райына байланысты  жолдардың барлығы талқан болып жатыр». 

«Асфальт төселсін» десе бірден орындалатын арман емес екенін жақсы түсінген тұрғындар, тым құрығанда жалғыз аяқ жолымызды ретке келтірсе игі еді дейді. Бұған жауаптылардың берген жауабы мынау болды.

МҰХИТ ЫДЫРЫС АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ «Мекеме мамандары және инженер-геодезистермен бірге жобаны зерделеу барысында жеке тұрғын үй салушы компаниялар өздігінен еш рұқсатсыз жер құжаттарын рәсімдемей тоқ,су, жылу желіллерін өздегіген жүргізгендері анықталды. Қазіргі таңда жоба қайта қаралуда. Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары осы жылдың үшінші  тоқсанына дейін басталады деп күтілуде». 

Қарашаның қарауды талап етіп отырған жұмыстың бірі - 79 бен 93-ші үйдің арасындағы бос жатқан жердегі үлкен жыраның ішін қоқыстан тазарту.

ЖАҢАГҮЛ РЫМҒАЛИЕВА ТҰРҒЫН «Келіп жатқан әкім мырза бізге қолға алып назарына ұстап ең болмаса мына жолды ай сайын күретіп, мердігер болсы, мына салып жатқан застройщик болсын или бір мемлекеттік мекеме болсын  бізге көмек беруін сұраймыз. Қарайған халық тұрамыз. Балалырдың денсаулығы, қауіпсіздік. Бұл жерде көп мәселе жатыр.  Соны шешіп беруін сұраймыз».

Коммуналдық мәселе депуттардың ауылына дейін жолданған. 

КИІКБАЙ ЕШМАНОВ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ «Бүкіл жол мәселесін шешу үшін алдымен әрбір үйге келіп тұрған газы бар, су, тоғы бар соалрдың барлығын ретке келтіріп алу керек. Себебі әркіи ойына келгеніне істеген. Тіпті салған үйн, айналасындағы алаңшаларының құжаттарын әлі күнге дейін реттемеген. Сол себепті жол салуға қиындық туғызып тұр». 

Құрылыс компаниялардың қол сілтеуінің кесірінен асфальт төсеу жұмыстары тоқтап тұр. Ал, әкімдіктегілер жол салынғанша грейд төсеуге жағдайласатындарын айтты.