«Баланың балалығы балдай болсын» деп салынған Ақтау қаласындағы балалар ойын алаңы енді дау болып тұр. Даудың басын шешуші әкімдік бәрін қалпына келтіреміз, мердігер компания жақында қайта жұмыстарына кіріседі, сәл шыдаңыздар дейді. Толығырақ алдағы сюжетте.

Бұл Ақтау қаласының 11 шағын ауданының 21-ші үй маңы. Кішкентай тұрғындарға арнап салынған мына ойын алаңы желтоқсан айында пайдалануға берілген. Бірақ, жарты жылға да шыдамаған алаңның орны болғанымен ойнайтын әткеншегінің сапасы кетіп, сырғанағының ортасы түскен. Жасанды төсеніштің сұры бар да сәні жоқ.

ТҰРҒЫН: "Бұл айналмалы шеңберлерді тым төмен жасаған. Жерге тиіп жасалғандықтан сынып, жарамсыз болып қалды. Әуелден сапасыз жұмыс жасалды. Әткеншектер сынғасын оны алып кетті. Енді мына сырғанақта қисайып әрең тұр".

Жауаптылардың айтуынша ойын алаңынын құралдарын мердігерлер әсте сапалы түрде алып келмеген. Сол себепті, алаң 1 айда осындай хәлге түсіп тұр. Ал, әкімдіктің жауабы біреу – жұмыс жүріп жатыр.

БАХТИЯР МАҚСАТОВ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Мердігер мекеме өз міндеттерін негізінде толықтай орындап, балалар ойын алаңын орналастырған болатын. Алайда, бұл элементтер, сапасына сай болмай, көп ұзамай істен шыққан. Бірақ арадағы келісім шартта бір жылдық кепілдік мерзімі бар мердігер мекеме мен тапсырыс беругі арасында. Осы негіздеме аясында мердігер мекеме өзінің міндеттемелерін толықтай орындайтын болады. Яғни, жанағы айтқан екі мекен жайдағы балар ойын алаңының элементтерін толықтай жаңартып, төсенішін жаңадан ауыстыратын болады".

Ойнауға берілген ойын алаңының жаңаруы ақпан айында басталмақ. Бірақ, барлығы құбылмалы ауа-райына байланысты болмақ. Мердігер мекеме сапалы материалдармен сын болмайтын алаң жасауға кірісті.