Арзанның суы татымас. Ақтауда 200-ден астам тұрғын «төменгі бағамен телефон аламын» деп сан соғып қалған. Жұрт әлеуметтік желіде аудиториясы көп белсенділер арқылы берілген  «жарнамаға» сеніп, ақша аударған.Күдіктінің үстінен бірнеше жәбірленуші арыз түсірген, қазіргі таңда ол, үй қамаққа алынды. Алаяқтың арбауына ілінгендер 140 млн теңге көлемінде залал келтірген күдіктінің қылмысы дәлелденсе,10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін. Мамандардың айтуынша, Маңғыстау облысында соңғы 5 айда алаяқтық қылмыс саны 10 пайызға көбейген. 

ДАНИЯР ТӨЛЕГЕНОВ - МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ