Ақтауда 2006-шы жылы туған жас жігіт Каспийге батып, көз жұмды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бозбала белгіленген жүзу аймағынан тыс аумақта, катамараннан суға сүңгимін деп мерт болған. Оқиға кешкі 6-лар шамасында болыпты. Ал денесі бүгін таңертең табылып, жағаға шығарылған. Теңізге батқан адамды іздеу кезінде құтқару жасағынан бірнеше маман мен техникалар жұмылдырылды.
БАУЫРЖАН ОҢҒАРБАЕВ ӨҢІРЛІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: «Оларға катамаран берілген кезде катамаран мен жилеттері берілген. Алайда ол жігіттер құтқару жилетін кимеген. Қайықтармен, катамаранмен, басқа да жүзу құралдарымен жүзіп жүрген кезде, құтқару жилеттерін киіп жүру керек! Сонымен қатар теңіз жағалауындағы қайықтар адамдарды серуендеттіретін, оларға да ескерту жасақталып, барлық теңізге қайықпен серуендеуге шыққан тұрғындарға қауіпсіз жилетін кигізу міндетті!»