Ақтаудағы үйлердің біріндегі жертөледе жылу құбыры жарылып, жер-көкті су басты. Пәтерлердің де іші оңып тұрған жоқ. Бұрыштары көктеп, сыз тартып тұр. Шиттей бала-шағаға салқын тиіп, көкжөтел болуға айналыпты. Ал жауапты мекеме өкілі олқылықты жою үшін арнайы бригада жұмыс жасап жатқанын айтады.

Бұл 2-ші шағын аудан,72 үйдің тұрғындары. Барлығының шағымы бір - жылу жоқ. Себебі жертөледегі құбыр жарылып, істен шыққан. Ең сорақысы жауапты мекеме қызметкерлері 4 күн бойы ыстық суды тоқтатпапты. Салдарынан үйдің ірге тасына зақым келтірілген. Сөгіліп тұр. Онысызда сыз тартып тұрған пәтеріміз көктеп кететін болды,-дейді шағым айтушылар.

МАРИЯ ШАЙБЕЛЬ ТҰРҒЫН: «Балаларым үреймін жүреді. Бұл мәселенің бәрі қашан аяқталады деп сұрайды. Көктеп кеткеннің салдарынан пәтердің ішінде тыныс алу мүмкін емес. Үй әбден тозған. Әкімдіктен көмек сұраймыз. Балаларымыз үшін алаңдаймыз».

Жауапты мамандар осы апаттың кесірінен шағын ауданның жартысын жылусыз қалдырғандарын айтады. Себебі апат әр жерден болған көрінеді. Ал мына үйдегі жылу құбырын жаңасына ауыстырыпты.

ИСЛАМ ҮСЕНОВ - “КЖСА” МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Мұндай апаттар қала бойынша жиі болатыны рас. Себебі құбырлар әбден тозған. Апат болған жерге бізде арнайы бригадалар бар. Соларды жібереміз. Шама келгенше тез арада жөндеуге тырысамыз».

Мамандар ақауды ретке келтіруге уәдені үйіп-төкті. Ал тұрғындар мына бағытпен жүре берсе қылышын сүйреткен қақаған қыста бүрсең қағып отырмасақ болар еді деп уайымдайды.