Ақтау қаласында қайғылы жағдай тіркелді. Қандаладан құтыламын деп үйін белгісіз препаратпен дизенфекция жасап кеткен тұрғынның кесірі көршісіне тиді. Нәтижесінде бір үйдің қос сәбиі уланып көз жұмды. Біреуі 10 айлық болса, екіншісі екі жарым жаста. Қалған бір отбасының 5 мүшесі ауруханадан бір ақ шыққан. Қайғыдан қара жамылған отбасының айтар талабы бар екен. Өңірдегі әріптесім қайтыс болған бүлдіршіндердің тумаластарымен сұхбаттасты. Толығырақ келесі бейнесюжетте.

Сұмдық жағдай 7-ші шағын ауданындағы дәл осы үйде болған. 8-ші қабаттағы тұрғын пәтеріне улы дәрілерді шашып, есігін құлыптап кетіпті. Белгісіз препараттың иісі 9-шы қабаттағы көршісінің пәтеріне жеткен. Қаперінде қауіп төнерін білмеген олар түнгі 1-лер шамасында кішкентайлардың жағдайы мәз емес екенін байқапты. Анасы үйден дәрі дәрмек беріп, жатқызып тастаған. Нәтижесінде таңғы мезгілде өздерін жәйсіз сезінген үйдің барлық мүшесі жедел жәрдем шақырған. Шұғыл жеткен мамандар сол кезде балалардың биологиялық өлімін тіркеген.

НҰРСӘУЛЕ ТҮМЕНОВА ТУЫСЫ: «Таңда жиен келін звондады.Апа,балалар кетіп қалды деп. Балдар судорогы берген, тұрмай қалған. Бүгін жаназасы болдыіздің талабымыз- әділ сот, әділ шешім. Екі бала үшін. Көршілер айтпады ма, үндемей есігін кілттеп кетіп қалған».

Жедел жәрдем екі баланың өлімін нақтылаған соң, қалған 5 адамды ауруханаға жеткізеді. Оның 2-уі 2015 және 2017 жылы туған балалар. Оның біреуінің жағдайы аса ауыр болыпты.

МЕРЕКЕ БЕКБАЕВ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ, РЕАНИМАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫ ТЕРАПИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Антидонт салып, дизенфекациялық терапмя жүргізілді. Қазіргі таңда балалардың жағдайы орташа ауырлықта. Концилуиум болады, бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда.Қыз баланың жағдайы тұрақты».

Қазір бұл іске қатысты ҚР ҚК 304-бабы 3-бөлігі бойынша  тергеу жүргізіліп жатыр. Пәтерден заттай дәлелдемелер алынып, сараптамаға жіберілген. Тергеу жүріп жатқан бап бойынша кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Сараптама қорытындысынан кейін процестік шешім қабылданады.

НҰРАЛИН БАРЖИКОВ  АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 304- бабы, 3- бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытындысымен нақты шешім қабылданады.Улаған көршісі жауап береді».

Эпидемиологиялық тергеу барысында пәтер иесі қандаладан құтылу үшін 39 дәрі қолданған. Мамандар химиялық препаратпен дезинфекция жасалған пәтер мен бүтін бір отбасы уланған баспанаға және көршілерінің үйіне ауа өлшемдерін жүргізген. Нәтижесінде аммиак концентрациясы жоғары болғаны анықталған. Көз жұмған қос сәбиді жерлеу рәсімі бүгін өтті. Бейкүнә бүлдіршіндердің тумаластары кінәлі тарап заң алдында тиісті жазасын алсын деген талап қойды.