«Самара – Шымкент» тасжолында олимпиадаға бара жатқан екі оқушы мен мұғалім жол апатына ұшырап, қаза тапты. Оқиға бүгін, таңғы сағат 08:45–те «Самара — Шымкент» трассасының Ырғыз ауданы Қызылжар ауылы маңында болды.Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Ер адам және 16 жастағы екі оқушы.

Олар — республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жағдай анықталып жатыр.
Жүк көлігіне соғылған таксидің ішінде 5 оқушы мен 1 мұғалім болған. Үш бала Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оларға ем жүргізіліп жатыр.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жағдайды жеке бақылауына алды.