"

Базарлар мен интернет дүкендерінде контрафактілік өнімдердің саудасы қызып тұр. Заңсыз өнімдерге деген сұраныс халықтың табысының төмендегі мен тауарлардың арзандығынан туындап жатқанын жоққа шығармау қажет. Өткен жылдың өзінде елімізде контрафактілік өнімдерді сату бойынша 12 мың заң бұзушылық дерегі анықталып 81 млн-ға жуық айыппұл салынған. 

Елімізде сапасыз тағамнан уланып түрлі ауруларды жұқтырып алған науқастар көбейген. Мамандардың айтуынша, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін маңызды фактордың бірі заңсыз тауарларды тұтыну. Әрбір сатып алушы өнімді аларда тексеріп, сапасына аса мән беру қажет.  

БАҚЫТ ТҮМЕНОВА «ДЕНСАУЛЫҚ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ  «Медицина саласында ауру туа біткен жене жүре пайда болған деп екіге бөлінеді. Туа біткен ауруларлы жазу мүмкін емес, ал жүре пайда болғандар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан. Отандық нарыққа зерттеу жүргіздік, халық тұтынатын тауарлардың 4 тобын қарастырдық. Олар азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар, темекі өнімдері, алкогольді және алкогольсіз сусындар. Контрафактілік өнімдер денсаулыққа қауіп төндіретінін атап өткен жөн. Тұтынушылар нарығында белсенді сатылып жатқан контрафактілік тауарлардың үлгілерін көрсеттік, олардың көлемі жыл сайын 10%-ға өсіп келеді. Нәтижесінде халық арасында резонанс туды. Осы ретте еліміздегі тауарларды жақсартуға ұсынымдар әзірлеп, оны халыққа ұсындық».

Жыл сайын контрафактілік өнімдердің көлемі 7-10 пайызға артып келеді.Өткен жылы Алматы қаласында 11 млн теңгеден астам сомаға 12 мыңға жуық контрафактілік өнім тәркіленген.

СВЕТЛАНА РОМАНОВСКАЯ, ҚАЗАҚСТАН ТҰТЫНУШЫЛАРЫ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің мәліметінше, 2022 жылы азаматтар тарапынан түскен шағымдардың саны алдыңғы жылмен салыстыранда 139%-ға, ал көлік, байланыс, коғамдық тамақтану және медицина секілді салаларда бірден 3 есе өскен».

Бүнгінгі күні контрафактілік өнімдер кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізіп отыр. Сол себептен тәркіленген тауарлар айналымнан алынып, бірден жойылады.