Ақтаудағы балабақшалардың бірінде бүлдіршіндер тамақты таласып жеген. Оған себеп берілетін астың жеткіліксіз болуы.Үлгергені жеп, үлгермегені ас ішкендерге қарап отыруға мәжбүр. 

Бұл жағдай шаһардың  9-шы ықшамауданындағы, нөмірі 29-шы балабақшада орын алған. Ата-аналар болған жәйтті бейнебақылау камерасына жазылған таспадан көрген. Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Ал білім басқармасының өкілі аталмыш жағдайға қатысты тиісті комиссия құрылғанын мәлім етті. Топтың тәрбиешісінен түсініктеме алынған. Тәрбиеші жағдайды таңғы асты балалар үнемі жемей, тамақ қалып қойғандықтан азғантай салғандығымен түсіндірген. Тәрбиешіге тәртіптік шара қолданылған. Бөбекжай әкімшілігі ата-аналармен кездесіп,  кешірім сұрапты.

ГҮЛМИРА МАМАЕВА  МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «29-шы балабақшадағы жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды. Тексеру жұмыстары басталды. Қорытындысы зерделеуден кейін белгілі болады».