Еліміздің ертеңі балаларымызды дұрыс тамақтандыру,ақыл ойының ,денінің сау болып дамуы үшін маңызы зор. Мектеп қабырғасынан ақ, білім мен қатар саналы түрде ішер асына талғаммен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткен шараға қатысып қайтқан едік. 

Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса түрлі ауруға әкеліп соқтырары сөзсіз. Жарнамасы жер жарып,дәмі тіл үйірер чипсы,кириешки сынды түрлі дәмдеуіш қосылған тағамның дәмін татпаған бала жоқ шығар. Білім ошағының ұжымы ұйымдастырып отырған бүгінгі шараның мақсаты да жас буынның талғамын жоғарылату. Ішер астың пайдасы мен зиянын ажырата білу.

БАҚЫТГҮЛ ДҮЙСЕМБАЕВА, А.ҚАРСАҚБАЕВ АТЫНДАҒЫ №41 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР БОЙЫНША ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Тамақтану мен қатар мектеп ұжымы оқушылар арасында ысырапшылдық,үнемшілік тақырыптарында сыныпаралық байқауларда ұйымдастырған. Ысырап болған жерде береке болмайтындығын да тұла бойға сіңіріп тәрбиелеу.

ЭЛЬМИРА УМРАЛИЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Пайдалы ас дайындау балалар ағзасының нәрлі заттарды қажетсінуін ескере отырып ұйымдастырылуы қажет. Осы орайда аспаз,мектеп ұжымы мен ата-аналар арасында байланыс орнаған. Ата-аналардың кезек бойынша балаларға арналған ас мәзірін қадағалап отырулары үшін де толық мүмкіндік берілген.

ФЕРУЗА ТӨЛЕКЕШОВА, АТА-АНА

Ағзаның он екі мүшесінің сау болып,дамып қалыптасуы үшін дәрумендер қажет болса,тағамына талғамын арттырар жас ұрпаққа бүгінгі шараның берері мол.