Егер балаңызды спорт секциясына беремін десеңіз, бұл ақпарат сіз үшін. Бұдан былай елімізде балаларды спорт секцияларына қабылдау тәртібі өзгереді. Енді баланың ата-анасы немесе заңды өкіліне ешқайда барудың қажеті жоқ. Жүйе толық автоматтандырылады. Сәйкесінше, орын ауыстыруға да жол берілмейді. Порталда заңды өкілдерінің берген өтініші бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып, өтінім берушінің әрбір спорт секциясы бойынша кезек автоматты түрде жеке құрылады. 

АЗАМАТ АПАХАЕВ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Енді спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі. Сондай-ақ баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), спорт секциясының түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірді қамтитын ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізінде бөлуге арналған орындардың тізімін қамтиды. Кезек заңды өкілдерінің берген өтініші бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып, өтінім берушінің әрбір спорт секциясы бойынша жеке құрылады. Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен ақпараттық жүйеде тіркеледі».