Балалардың бос уақытын тиімді өткізу – олардың жан-жақты дамуы мен салауатты өмір салтын ұстануына жол ашады. Бүгінде телефон мен компьютерге тәуелділік мәселесі өзекті болып отырған шақта, олардың еркін уақытын пайдалы істерге бағыттау ерекше маңызға ие. Алматы облысы Талғар ауданында орын алған шараға назар аударсақ.
Ерте жастан еңбекке баулу ептілік қана емес, жастардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына жол ашады. Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялауының түп мақсаты да осы салаға құрмет, жауапкершілікті арттыру. Талғар ауданында өнер мектептерінің өткізіп отырған іс-шарасының маңызы зор. Мерекелік кеш Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, жыл — жұмысшы мамандықтар жылы, сондай-ақ қазақтың ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналды.
РҮСТЕМБЕК МЫҢБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Шара аясында жасөспірімдер үшін түрлі бағыттағы шеберлік сыныптары, музыкалық қойылымдар, патриоттық әндер фестивалі мен қолданбалы өнер көрмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған арнайы музыкалық бағдарлама ұсынылып, жас өнерпаздар оның туындыларын орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Ұйымдастырушылардың айтуынша балалардың бос уақыттарын ұтымды пайдалану, түрлі зиянды заттармен шұғылдануларын алдын алады.
ГҮЛБАҒИЛА МҰСАБЕКҚЫЗЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ БАСШЫСЫ
Бұл бастама жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, оларды ұлттық құндылықтармен сусындатуға және гаджеттерге тәуелділікті азайтуға үлкен септігін тигізді.