"

Бүгін Бангкок қаласының сән үйінде атыс болды. Оқиға Азиядағы ең ірі сауда дүкендердің бірі – Siam Paragon да қарбалас уақытта орын алған. Қаланы аралауға келген туристер атыс болған сәтті бейнежазбаға түсіріп үлгерген.

Атысты қара көйлек пен камуфляж шалбар киген 14 жастағы жасөспірім бастаған. Нәтижесінде 1 адам қаза тауып, 6 зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Полиция қызметкерлері мергенді оқиға орын алғаннан кейін шамамен 1 сағатта қолға түсірген. Жағдайдың неден болғаны әлі белгісіз.

ЗАХРА АЛИНЕЖАД ИРАННАН КЕЛГЕН ТУРИСТ: «Біз Burberry дүкенінде сауда жасап жүргенбіз. Бір адамдар бізге дереу жасырыну керектігін айтты. Басында не жағдай екенін түсінбедік. Кейін суық қарудың дауысын естідік. Дереу тығылып, дүкенде 3 сағат тығылып отырдық. Кейін бізді полиция қызметкерлері қауіпсіз жерге алып кетті».

Пандемияға дейін Тайландтағы шетелдік қонақтардың ең үлкен көзі Қытай болды. 2019 жылы елге рекорд жаңартып, 11 миллион қытай келген.

ДУН ПЭЙЦЗЯН ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ТУРИСТ: «Иә, бұл Қытайдан келетін туризмге әсер етеді. Мен кеше Қытайдың бұл жер қауіпті болғандықтан, туристерге баруға кеңес бермейтіндерін естідім».

Тайланд Премьер-Министрі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты. Ол сондай-ақ балалардың суық қару алуларына шектеу қою керектігін айтты.

СРЕТТА ТАВИСИН ТАЙЛАНД ПРИМЬЕР-МИНИСТРІ: «Бұл ұлттық полиция басқармасымен талқылануы керек мәселенің бірі. Қазір жастар қаруды онлайн сатып ала алады. Сондықтан біз олардың осы қауіпті нәрселерге қол жеткізуін көбірек шектеуіміз керек».

Айта кетейік, бүгін Тайландтың балалар орталығында болған қанды қырғынға 1 жыл толды. Оқиға кезінде полиция қызметкері балалар мен тәрбиешілерге пышақ алып жүгіріп, атыс қаруымен шабуыл жасаған. Оқиға кезінде 36 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың деншілігі мектеп жасына дейінгі балалар болған еді.