Биыл Қазақстан мен Ресей эстрадасын өзінің ерекше дауысымен, харизмасымен бағындырған Батырхан Шөкеновтің өмірден озғанына 10 жыл. Әнші атындағы саябақта оның өнеріне, рухына тағзым етілді.Іс-шара барысында Батырхан Шөкеновтің шығармашылығына арналған радиоконцерт қойылып, «Сағым дүние» әнінің әуенімен өнер иесінің есімі ұлықталды. Еске алуға келгендер ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
МҮШІРӘЛІ ШӨКЕНОВ – БАТЫРХАН ШӨКЕНОВТІҢ АҒАСЫ
Батырхан Шөкенов — қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, орындаушы және композитор. Ол «А-Студио» тобының алғашқы құрамында солист болып, топты ТМД елдеріне және шетелге танытты. Өмірден өтсе де оның мұрасы әлі де халық жадында сақтаулы.