Батыс Қазақстан облысында ауылдасын өлтірген 30 жастағы тұрғын ұсталды. Полиция Департаментінің мәліметінше, оқиға Бәйтерек ауданы Январцев ауылында болған. Күдікті 1972 және 1979 жылғы ауылдастарын жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушілер ауруханаға жатқызылды. Алайда 51 жастағы ер адам есін жия алмастан ауруханада көз жұмған. Ашық бас-ми жарақатын алған 1979 жылғы тұрғын нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Жалпы жағдайы бірқалыпты болғанымен, орташа ауыр дәрежеде.

АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері 1993 жылғы сол ауылдың тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды».