Батыс Қазақстан облысында табиғаттың тосын мінезі елді әбден әбігерге салды. Қала іргесінде орналасқан Подстепное ауылы тұрғындары қиын жағдайға тап болды. Қатты жел салдарынан тұрғын үйлердің шатыры ұшып, елдімекен жарықсыз қалды.

БҚО өңірінде соққан қатты желдің салдары  Подстепное ауылына қарасты Жарқын шағынауданындағы тұрғын үйлеріге зардабын тигізді.Салдарынан тұрғын үйлердің шатырларын жұлып әкеткен. Жауапты мердігер мекеме өкілінің айтуынша, қазір тіреу ағаштарын бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күн райы қалыпқа келіп, жел басылғаннан соң шатыр жабынын жөндеуге кіріспек.

ЕСЖАН ШОНАЕВ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ: «Тұрғын үй 2020 жылы пайдалануға берілді. 5 жыл кепілдік мерзімі бар. Сол себепті қалыпқа келтіру жұмыстары біздің қаражат есебінен жүргізіледі. Шығын көлемін әлі есептейміз».

Екпінді желдің кесірі  электр желілерінің де үзілуіне сеп болған.Бүгінде 4 елдімекен жарықсыз қалған.

МЕЙІРБЕК СҰЛТАНОВ ПОДСТЕПНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Ауа-райының тосын мінезі БҚО-да ғана емес, көрші өңірлерде де байқалып тұр. Инфрақұрылымдық жүйелерге зардабын тигізуде.