Белгілі олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысты іс әлі тергеліп жатыр. Ол бүгінге дейін мемлекет меншігіне 134 млрд теңге өтеген. Бұл туралы бүгін қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты. Оның айтуынша кәсіпкердің барлық активтері анықталып, мемлекеттік тіркеуге алынған. Алайда, бір нысанның құны қанша, ол жағын айта алмаймыз деді жауапты орган. Олигарх Қайрат Боранбаев бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген еді. Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпкедің  арызы қанағаттандырылып, түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынған болатын.

ЖЕҢІС ЕЛЕМЕСОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ  АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ол сотталған негізгі қылмыстық іс бойынша 14,5 млрд теңге көлемінде шығын өтелді, сонымен қатар ол 120 млрд теңгеге жуық соманы өз еркімен өтеп берді. Жалпы сомасы 134 млрд теңге. Бүгінге дейін өтеп берген сома туралы айтып отырмын. Бірақ қылмыстық іс әлі аяқталған жоқ, тергеу жүріп жатыр, тағы басқа өтемақы болатын шығар».

Сондай-ақ, Қаржы мониторингі агенттігі Бишімбаевтар әулетінде заңсыз кірістер болса, тексеруге дайын екендіктерін ресми түрде мәлімдеді. Айта кетейік, желіде петиция жарияланып, оған халық қол қойып жатыр. Белсенділер бұл отбасының акцияларын тексеруді талап етеді.