Қоғамды дүрліктірген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың кезекті соты жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысы қылмыс болған БАУ мейрамханасының қызметшісіне сұрақ жауап алудан басталды.Куәгердің сөзінше,сол күні Бишімбаев мейрамханадағы вип кабинаның астаң-кестеңін шығарған және ол әдеттегіден қарағанда қатты ашулы болыпты. Ресторан қызметшілері мұндай жанжалға бірнеше мәрте куә болған.  Сондай-ақ,  Сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенованың алған жарақаттарын манекен арқылы сызба бейнелерімен баяндап берді. Көп жылдық еңбек өтілі мен тәжірибесі бар сарапшының айтуынша, марқұмның бет сүйегі мен бас сүйегіне 12-13 соққы жасалып, соның бәрі жиналып, өлімге әкеліп соққан.

Сондай-ақ марқұмның мойынында қылқындыру белгілері байқалған. Сарапшының қорытындысында бас миының жарақатын (зақымдануын) көрсететін сот - медициналық диагнозы қойылды. Бұл жарақаттар мидың зақымдалуына әкеледі. Мұның бәрі бірге ауыр зиян келтіру ретінде  өлімге әкеп соғатын тікелей себеп болып табылады", - деді сарапшы.