Биыл Қазақ ССР-нің Халық әртісі, профессор Бекен Жылысбаевтың туғанына 100 жыл толды. Алматыда мерей тойға орай оның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты насихаттауға бағытталған «Кестелі» орамал атты ән кеші өтті. 

Бекен Жылысбаев қазақ ән өнерін, оның ішінде қазақ кәсіби музыкасы мен академиялық вокал саласын жаңа биікке көтерген тұлға. Сан таланттың қанатын қатайтқан ғажайып ұстаздың 100 жылдық мерей тойына арналған шараға туыстары, шәкірттері келіп естеліктермен бөлісті.

НҰРЖАМАЛ ҮСЕНБАЕВА – ҚР ХАЛЫҚ АРТИСІ

СӘУЛЕ НҰРҒАЛИЕВА – Бекен Жылысбаевтың шәкірті
  
Мәдениет саласының үздіктері, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары, ең бастысы Бекен Жылысбаевтың өз шәкірттері қатысты.  Қала әкімдігі мен мәдениет басқармасы мұрындық болған бағдарламада  халық әндері мен халық композиторларының ғана емес, шетелдік танымал авторлардың шығармалары да орындалды.