Елімізде мал ұрлығы еш тиылар емес. Мәселен, былтыр 42 мың қылмыс тіркелген. Ұрлыққа барған 450 адам ұсталып, 75 қылмыстық топ құрықталған. Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифингте криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков айтты. Сондай-ақ маман, мал ұрлығын болдырмас үшін, адамдар өзара үш жақты келісімшарт жасасу керек дейді. Ол мал иесі, әкімдік және малшы. Одан бөлек, асыл тұқымды мал басына интернетпен қадағаланатын GPS-трекерлерін орнатуға кеңес берді.

ЖАНДОС БАТЫРБЕКОВ  ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИ Я ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Әдетте, мал ұрлығының 75%-ы еркін жайылымда жасалынады. Онымен күресті жақсарту мақсатында ІІМ мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамалық және практикалық шаралар қабылдауда. Соңғы 5 жылдың ішінде мал ұрлығын 62,5%-ға төмендетуге қол жеткіздік. Ал 2023 жыл ішінде 16,3%-ға төмендеді. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда».