Алматы облысы Жамбыл ауданында табиғаты көркем, бірлігі мен берекесі жарасқан Аққайнар атты ауыл бар. Түтіні түзу шыққан елдімекеннің жағдайы жақсы, туған жерін түлетіп жатқан ел азаматтары да жетерлік. Наурыз мерекесін атап өткен Аққайнар тұрғындарына кезек берсек.

Аққайнар тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі  көңіл қуантады. Ауыл халқы еңбекқор, ұйымшыл, ынтымақты. Ауылдан шыққан ұлт жанды, іскер азаматтар туған жерін ұмытпай, әрдайым қолдап келеді. Олар алтын бесіктерінің дамуына үлес қосып, түрлі әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық жобаларды іске асыруда. Бұл азаматтардың елге деген жанашырлығы жастарға үлгі болып отыр. Міне тағы да ауыз біршіліктерін көрсетіп, ұлыстың ұлы күнін бір үйдің баласындай атап өтті.Мерекелік шараға мемлекет және қоғам қайраткері, осы ауылдың тумасы Серік Үмбетов арнайы келіп, жерлестерімен бірге болды. Ол өз сөзінде халықты ынтымақ пен іргесі сөгілмейтін татулыққа үндеп, жас ұрпақты туған жерге адал қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ ауыл ақсақалдары да ақ баталарын беріп,ізгі тілектерін жолдады.

ҚАМБАР ҮМБЕТОВ, АҚҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Татулық пен ізгілікке негізделген бұл мейрамда ауыл халқы бір дастархан басында бас қосып, ұлттық ойындар ойналып, ән мен жырдан шашу шашылды. Елімізге танымал эстрада жұлдыздарының төрт көзі түгел осында.

Сондай-ақ ауылдың арулары май көтеруден қызықты жарыс өткізіп, көтеріңкі көңіл күйде болды.

ЖАЙЛАУБАЙ ДІН-ИСЛАМБЕК, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ

Ауыл тұрғындары жергілікті кәсіпкер Ғабит Әбікеұлына дән риза. Туған жерін түлетіп отырған да осы азамат деп отыр. Аққайнар ауылы – ел бірлігінің, ұлттық құндылықтар мен берекелі тіршіліктің жарқын үлгісі. Мұндағы ынтымақ пен өзара қолдаудың арқасында ауыл жылдан жылға көркейіп, болашаққа нық қадам басуда. Мерекелік шараның соңы ұлт қазынасы бәйгеге ұласты. Сәйгүліктерін сайлап келген шабандоздар бақтарымен баптарын сынап, жүлделі орындарды қанжығаларына байлады.