БҚО-да Жайық пен Шаған өзендерінде су деңгейі жоғарылап  бау-бақша серіктестіктері су құрсауында қалды. Тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәліметке сүйенсек  300 саяжайды су басқан.

Сең соққан балықтай есеңгіреп қалған тұрғындардың бүгінгі хәл ахуалы дәл осындай көрініс.

ЖАЙНАГҮЛ МАХРАЖАНОВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ: «Бүгін біздің сағымыз сынып отыр. Бәріміз осы шетте ұйықтаймыз кешке. Бармаймыз ешқайда. Жалаңаяқ қалдық. Мемлекет бірауыз сөз айту керек қой. Қаңғып қалдық. Ешкім ерігіп тұрып жатқан жоқ. Сендер білдіңдер дейді. Неге атып шығармады» 

«Урожайный» саяжай бірлестігінде 24 үй бар. Дені көпбалалы отбасылар. Жылдың 4 мезгілінде саяжайды паналап отырған тұрғындар есеңгіреп қалғандарын айтады. 

 ИРИНА БЫЧЕНИНА «УРОЖАЙНЫЙ» САЯЖАЙ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Мұндағы тұрғындар қалада баспанасы болмағандықтан тұрып жатыр. Көріп тұрғаныңыздай, бәрінің үйін су басты. Бұрын жолдың жырын, жарық тарифінің тым қымбат екенін айтып келген едік. Енді оған баспанамыз қосылды. Күніміз не болар екен»?      

Су басқан саяжайлардағы 585 тұрғын эвакуацияланып, 35 ер адам үйлерді күзету үшін бекетте қалған. Бұған дейін тұрғындарға қауіпсіз жерге көшу туралы хабарлаған болатын. Мамандар қазіргі уақытта қалған тұрғындардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл жұмыстарға 230 жеке құрам, 23 техника және 10 су көлігі жұмылдырылған.