БҚО-да шабақтарды құтқару жұмыстары жалғасын табуда.Өңірдегі өзен жайылмаларында тұқы, көксерке, қарақұйрық және басқа да балық түрлері мекен етеді. Су деңгейінің төмендеуі салдарынан шабақтардың бір бөлігі құрлықта қалып қырылып жатады. Осыған жол бермеу мақсатында Ақжайық балық инспекциясының мамандары балықтарды құтқару шараларын қолға алды. Бұл жұмысты жеке тоғандардың иелері де жүргізуі керек, - дейді балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері. Биыл шілде айынан бастап облыстың су айдындарында 1 млн 300 мыңға жуық шабақ құтқарылған.

ДӘУРЕН ГАБДРАХМАНОВ БҚО БОЙЫНША БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҚЖАЙЫҚ БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ