"

Батыс Қазақстан облысындағы Серебряково ауылының мұғалімдері мемлекетке 60 миллион теңгеге жуық ақша қарыз. Мұны естіген ұстаздардың өздері жағаларын ұстады. Олар мұнша көп ақшаны өңіміз түгілі, түсімізде көрмедік дейді. Ал білім саласына жауаптылар бұл ұжымға еңбекақы ай сайын тиісті сомадан асыра төленгенін анықтапты.

Экономикалық тергеу басқармасы осы іске қатысы барларды май шаммен тергеуде. Бір қызығы Серебряково мектебіндегі барлық мұғалім, тіпті күзетші мен еден жуушыға дейін мемлекет ақшасын артық жалақы алу арқылы заңсыз иеленген болып шықты. Мұны естіп төбе шашы тік тұрған 72 адам қыруар ақшаны ешқашан көздері көрмегенін айтып азар да безер.
 
ҒАЛИЯ  ЖАҢАБАЕВА КРУГЛООЗЕРНОЕ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Жымқырылған ақша қызметкерлердің атына басқа банктен есеп шоттар ашу арқылы аударылған. Артық қаражат былтыр жалақы ретінде төленгені белгілі болып отыр. Ал осы іске қатысы бар күдіктілер қазір зым-зия жоқ. Олар бұрынғы есепші мен мектеп директоры. Бүгінде ауысып кеткен бұл қызметкерлерді жауапқа тарту үшін жаңа басшы тәуелсіз аудитке жүгінгенін айтады.
 
КЛАРА  МЕҢДІҒАЛИЕВА БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ұстаздар мен кіші қызметкерлер ешқашан қолдарына тимеген ақшаны өздерінен кері өндірмек болғандарды тергеу нәтижесін күтуге шақырды. Өз қалталарынан төлемес үшін соттасуға бекініп отыр.