Бүгін халықаралық театр күні. Мәдени-рухани құндылықтар тоғысқан ұлы өнермен қоса күллі өнерсүйер қауымның да мерекесі.Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының тыныс тіршілігі жайлы дайындалған материалға кезек берсек.

Өткен жылы аталмыш театр жылдың алғашқы қойылымын  Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай «Жәмилә» драмасының премьерасымен бастаған болатын. Кейін, көрерменге “Бір түп алма ағашы”, “Отбасы ойыны”, “Құдағи келіпті”қойылымын ұсынып, өңірде алғаш рет моноспектакль қойылған. Ал осы жылдан бастап театрдың жоспарында репертуардағы жаңа қойылымдармен Алматы қаласына гастрольдік сапарын ұйымдастыру жоспарда бар. Сонымен қатар, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Кәмила Әбжанованың 75 жасқа толуына орай, Мәдениет саласының үздігі Күлаш Жанмұратованың 60 жасқа толуына  орай шығармашылық кешін ұйымдастыруды қолға алып отыр. 

МҰХТАР НИЯЗОВ, НАРТАЙ БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ