Бөгеттер мен су қоймаларын салуда бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды. Алматы, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында су бөгеті салынып, оны күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілу керек болған. Алайда, өзара сөз байласқандар, жұмысты аяғына дейін жеткізбей қазына қаражатын ұрлаған. Қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталды деді Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов. 

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 
«ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктенуде,-деп атап өтті ол. Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке бірнеше кәсіпорындар анықталды. ЖШС Алматы қ. «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған. ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы,аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенуде. Залал сомасы алдын-ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады».