Газа секторындағы Аль-Шифа ауруханасы маңындағы ғимараттан кепілге алынған 65 жастағы израильдік әйел Йегудит Вейстың мәйіті табылды. Ол 7 қазанда Хамас тарапынан тұтқынға алынған 240 израильдіктің қатарында болған еді.

ДАНИЕЛ ХАГАРИ ИЗРАИЛЬ АРМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Ол үйлердің бірінен табылды. Мәйіттің жанында оны ұстаған лаңкестердің денелері жатты».

Әскери мәлімдемеде әйелдің лаңкестер қолынан қаза тапқаны және оған дер кезінде жете алмағаны айтылған. Алайда оның өлімінің нақты себебі айтылмады.Әскерилер әйелдің мәйіті табылған ғимараттан әртүрлі қару-жарақ, соның ішінде Калашников автоматы да бар. Қаза тапқан Йегудит есімді әйел бұған дейін лаңкестердің қолынан ажал құшқан 120 адам тұрған израильдік елді мекеннің тұрғыны болған.

Әскерилердің айтуынша, Әл-Шифа ауруханасынан Хамас туннельінің шахтасын және қару-жарақ салынған көлікті тапқан.Бұл аурухана кешені Израильдің Газаның солтүстігіндегі басты нысанасы болды. Сонымен қатар, ауруханада жатқан жүздеген пациенттерге, соның ішінде балаларға қатысты алаңдаушылық артып келеді.ДДҰ Аль Шифадан 600-ге жуық пациентті медициналық эвакуациялауды ұйымдастыруға тырысып жатқанын айтты. Олардың 27-сі ауыр халде.Алайда көптеген мәселелер туындап отыр, соның ішінде қауіпсіздік кепілдігі туралы Израиль әскерилерімен келіссөздер және адамдарды шығару үшін жедел жәрдем көліктеріне жанармайдың жетіспеушілігі.

РИК БРЕННАН  ДДҰ ӨКІЛІ:«Біздің мүмкіндігіміз өте шектеулі, бірақ біз келесі 24 сағатта жақсы жаңалықтар болады деп үміттенеміз».

Сонымен қатар Әл-Шифада әуе шабуылдарынан үйлерін тастап кеткен мыңдаған адамдар тұрады.  Израильдік әскерилер анклавтың солтүстік бөлігін тастап, оңтүстікке көшуге шақыратын парақшалар таратып жатыр.