Дүние жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың инвазивті түрлерінің таралуы әр онжылдықта төрт есе өсіп, экономикалық зиян келтіруде. Бұл статистиканы Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынып отыр.
Ұйым 1970 жылдан бері зерттеумен айналысып,шығынды есептеп келеді.Зерттеуді 49 елден келген 86 сарапшыдан тұратын топ төрт жыл бойы жүргізді. Олар 37 000 паразиттік түрдің ғаламдық әсерін зерттеді. Қорытындыларға сәйкес, олармен күресуге кететін шығын жылына кемінде 423 миллиард долларды құраған. Сонымен бірге инвазиялық түрлер өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің 60% жойылуының негізгі себебіне айналады.
ХЕЛЕН РОЙ БҰҰ ӨКІЛІ:
«Біз инвазивті бөтен түрлердің биоәртүрлілікке ғана емес, жалпы қоршаған ортамыздың өмір сүру сапасына да үлкен қауіп төндіретінін анықтай алдық. Қазір 37 000-ға жуық бөтен түрлер тіркелген. Мәселе одан сайын қиындай түседі деген сөз».
Инвазивті түрлер - көбінесе адам әрекетінің нәтижесінде жаңа аумаққа енетін өсімдіктер немесе жануарлар. Жаңа ортада олар жиі көптеп өседі. Нәтижесінде олар жергілікті түрлерді өзгертуі немесе толығымен ығыстыруы мүмкін, сонымен қатар табиғи биологиялық әртүрліліктің төмендеуіне әкеледі.
ХЕЛЕН РОЙ БҰҰ ӨКІЛІ:
«Мысалы, кейбір тұщы су мидиялары бар, олар көбейіп, құбырларды бітеп тастайды. Кейбір өсімдіктер, мысалы, су арналарының жүзу жолдарына кедергісін келтіруі мүмкін. Бұл ірі компаниялар немесе жергілікті қауымдастықтар үшін мәселе тудырады».
Инвазивті түрлер жануарлар мен өсімдіктердің жойылуына әкелетін патогенді тасымалдаушылар болып табылады.