Екі бірдей шенеунік парамен ұсталды. Бірі "Алматы су" бас директорының орынбасары болса, екіншісі  Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы. Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік растады. Тергеушілердің айтуынша, «Алматы су» директорының орынбасары кәсіпкерден атқарылған жұмыстардың актісі үшін деп 75 млн теңге алып, оны заңсыз қалтасына басқан.

Екіншісі Қызылорда облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі кәсіпкерлерден келісімшарт мерзімін ұзарту және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту үшін қомақты сомада пара алып отырған.  Екі күдікті де ұсталды. Тергеу басталды.