ҚР Энергетика министрлігі бір тонна сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы 45 158 теңгені құрағандықтан, шекті бөлшек сауда бағасы өңірге қарай литріне 5-8 теңгеге дейін шамалы өскендігін хабарлады.
Өзімізден өндіріліп жатқан сұйытылған мұнай газ бағасының өсуі кешелі бері көлік жүргізушілерінің арасында қызу тақырыптың бірі болып тұр. Қазір Астана, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында – 76 теңгеден 84 теңгеге, батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облысы және Шымкентте – 64 теңгеден 79 теңгеге, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 54 теңгеден 59 теңгеге көтерілсе, Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында – 81 теңгеден 89 теңгеге қымбаттады. Сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндіру құнынан әлдеқайда төмендеп, ТМД-да тұтыну күрт өсіп, зауыттар өндіріске деген қызығушылығын жоғалтқан. Сондай ақ, Қазақстанда 54-86 теңгеге дейін ТМД-дағы ең төмен бағалардың бірі байқала бастағандықтан осындай шараны қабылдауға бел будық дейді министрлік. Ал, қарапайым халықтың пірі мынандай.